«Қостанай қаласында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Мәслихаттың 2002 жылғы 9 тамыздағы № 187 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 28 наурыздағы № 344 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай қаласында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Мәслихаттың 2002 жылғы 9 тамыздағы № 187 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1712, 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 104 «Қостанай» газетінде жарияланды, бұрын «Қостанай қаласында тілдерді қолдану мен дамытудың 2002-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Мәслихаттың 2002 жылғы 9 тамыздағы № 187 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Мәслихаттың 2004 жылғы 26 қарашадағы № 105 шешімімен өзгерістер енгізілді, 2004 жылғы 15 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3260, 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 6 «Қостанай» газетінде жарияланды) мына өзгеріс енгізілсін:
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» 8-бөлімі, қосымшаға сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын (қосымша).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 11 сайлау округы бойынша депутаты
Қалалық Мәслихат хатшысы
КЕЛІСІЛДІ: