Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы (Жоба) (2007 жылғы 30 сәуір) (күші жойылды)

Жоба

 

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рәсімдерді жетілдіру
мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы

 

Қабылданды- ҚР 2007 жылғы 18 маусымдағы № 262-III Заңы

 

ҚР Үкіметінің 2007.30.04 № 348 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізілсін:

1. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат):

3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-2) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік ұйымның құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды адамдары арасындағы іс-әрекет реттілігін, өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

1-3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетудің сан, сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нормативтік маңызын, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібін әрі жеке және заңды тұлғалардың белгіленген сан мен сападағы мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құқығын қамтамасыз ететін, орындалуы міндетті өзге де нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;».

2. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-2, 2-3, 2-4, 2-5-тармақтармен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.