Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қостанай облысы Қостанай қалалық әкімиятының 2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 қаулысы
(2007.20.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабының негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 207 «Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы« (тіркеу нөмірі 2794, «Қостанай» газеті 2004 жылғы 11 наурыздағы № 32, Қостанай қаласының әкімдігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы № 653 «Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 207 «Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен, тіркеу нөмірі № 2981; Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 01 наурыздағы № 232 «Қостанай қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 207 «Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен, тіркеу нөмірі 3383; Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 07 маусымдағы № 660 «Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен, тіркеу нөмірі 9-1-14, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) қаулысының күші жойылған деп есептелсін.