«2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 27/305-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 30/351-III шешімі
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына cәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 27/305-III шешіміне (1946-нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 23 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған, «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 27/305-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 29/329-III шешімімен, 1948-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 8 ақпанда «Оңтүстік Қазақстан» № 22 газетінде жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы:
«97 195 377» деген сандар «100 165 923» деген сандармен ауыстырылсын;
«84 170 029» деген сандар «87 140 575» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«98 241 310» деген сандар «101 211 856» деген сандармен ауыстырылсын;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат
Хатшысы