Алматы қаласындағы коммуналдық меншіктің нысандары туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 5/660 қаулысы
Коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсатында және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қалалық Қаржы департаменті (А. Н. Әбдіқадірова) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес нысандарды Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдасын және жылжымайтын мүлік нысандарын қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелерге мүліктік жалдауға берсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ. А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласы әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К.Тәжиева |
2005 жылғы 11 қазандағы