«2007 жылы облыс ормандарын өртке қарсы қорғау жөніндегі шаралар туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 91 қаулысы

«2007 жылы облыс ормандарын өртке қарсы қорғау жөніндегі шаралар туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 91 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман кодексінің 15 бабын орындау үшін облыс әкімдігі қаулы етеді:

1. 2007 жылы орман өртінің алдын алу және облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында онымен күресу жөніндегі өртке қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін.

2. Жеке тұлғаларға өрт қаупі кезеңінде мыналарға тыйым салынсын:

Солтүстік Қазақстан облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің келісімінсіз ормандарда мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге;

ормандағы жұмыстарда тұтандырғыш жүйесінде ақаулықтары бар және ұшқын сөндіргіші жоқ автомобильдерді және басқа механизмдерді пайдалануға тыйым салынсын.

3. Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменті оқушылар мен студенттер арасында ормандағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізсін.

4. Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті автомобиль жолдары жиегіндегі минералдандырылған алқаптарды таза жағдайда ұстасын.

5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасына (келісім бойынша) автомобиль жолдары жиегіндегі тосқауыл және қорғаныш алқаптарын тиісті өртке қарсы жағдайда ұстау ұсынылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С. Біләловке жүктелсін.

7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.