Павлодар қаласы аумағында орналастырылған жарнама объектілері
бойынша төлем мөлшерлемелері туралы (3 сайланған 32 кезектен тыс сессия)
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы
19 сәуірдегі № 52/32 шешімі
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 491 бабына сәйкес қалалық мәслихат шешім еттi:
1. Қосымшаға сәйкес, Павлодар қаласы аумағында орналастырылған жарнамалар объектілері бойынша төлем мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Павлодар қалалық мәслихатының 2005 жылғы 5 қыркүйектегі «Павлодар қаласы аумағында орналастырылған жарнамалар объектілері бойынша төлем мөлшерлемелері туралы» № 81/15 шешімінің күші жойылды деп саналсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Дорохин |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | В. Лебедь |