Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2007 ж. 21 мамыр) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 398 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

Қабылданды - 2007 ж. 29 маусымдағы № 269-ІІІ ҚР  Заңың қара 

 

1-бап. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 23-баптың 2-тармағында «шикі мұнайды және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын» деген сөздер «мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнайды және газ конденсатын өткізетін» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 46-бапта:

1-тармақта:

9-1) тармақша «қызметін» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

32) тармақшадағы «мемлекеттік баж» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:

«33) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы»;

2-тармақта:

4) тармақша «республикалық» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақша «республикалық» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.