«Қажетті қорғану туралы заңнаманы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 2 Нормативтік қаулысы (2017.31.03. берілген өзгерістермен)

Қажетті қорғану туралы заңнаманы қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 2 Нормативтік қаулысы

(2017.31.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 3 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «96», «99», «109» деген цифрлар тиісінше «99», «102», «112» деген цифрлармен ауыстырылды, «қылмыстың», «қылмыс», «қылмысты», «қылмыстар», «қылмыстардың», «қылмыстарға» деген сөздер тиісінше «құқық бұзушылықтың», «құқық бұзушылық», «құқық бұзушылықты», «құқық бұзушылық», «құқық бұзушылықтардың», «құқық бұзушылықтарға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдарының өзгеруіне байланысты, қажетті қорғану туралы қылмыстық заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады. Осыған байланысты қаза келтіру не денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 32-бабының қажетті қорғаныс және оның шектері туралы ережелеріне сүйене отырып, мақсат, себеп, кінә нысанын, құқық бұзушылықтың жасалу тәсілін және әрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият анықтау керек.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.