Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 4 Нормативтік қаулысы
(2020.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚК» деген сөз «ҚК-нің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2020.11.12. № 6 Нормативтік қаулысымен тақырыптағы, кіріспедегі және бүкіл мәтін бойынша «нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен», «нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері», «нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін», «нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне», «нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер», «нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінен», «нәпсіқұмарлық сипаттағы» деген сөздер тиісінше «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен», «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер», «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді», «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерге», «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер», «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерден», «сексуалдық сипаттағы» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстық істерді тергеуде және қарауда біркелкілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы, қаулы етеді:
1. Зорлау деп әйел жынысты адаммен оның еркіне қарсы немесе еркінен тыс, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып табиғи нысанда жасалған жыныстық қатынасты түсіну керек.