(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 04.09.02 Ж. № 974 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының
азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 4 қыркүйектегі № 974 қаулысы

 

Осы редакция 2007 ж. 14 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Азаматтардың өтiнiштерiн қарау жөніндегі жұмысты жақсарту әрi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың халықтың көкейтестi проблемаларын шешудегi жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының азаматтарды қабылдауы апта сайын "Әкiмшілік рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 заң күшi бар Жарлығында және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген тәртiппен көрсетілген органдардың басшылары тоқсан сайын бекiтетiн бұл органдардың үй-жайларындағы кестелерге сәйкес жүргiзiледi деп белгiленсiн.

Көрсетiлген кестелер орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың үй-жайларында олармен танысу үшiн азаматтардың еркін қол жеткiзуi қамтамасыз етілетiн орындарда ілiнiп қойылады.

Орталық және жергілiктi атқарушы органдар басшыларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдау ұйымдастыруды азаматтар қабылдауды 1-қосымшаға сәйкес нысанда есепке алу карточкаларын толтыру жолымен есепке алуды жүргiзетiн бұл органдардың өкiлеттi қызметкерлерi жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының басшылары, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерi:

1) азаматтарды қабылдау және оларды қабылдауға алдын ала жазу үшiн қажеттi жағдай жасасын, соның iшiнде 2002 жылғы 1 қазанға дейiн қабылдауға алдын ала жазуды жүргiзуге өкiлеттi қызметкерлердi белгiлесiн әрi олардың өткiзілуiн қамтамасыз етсiн, олардың байланыс телефондарын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияласын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.