«Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 426 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |