«Бюджеттік кредиттердің пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі есепті жасау мен табыс ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 80 Бұйрығы (күші жойылды)

Бюджеттік кредиттердің пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі есепті жасау мен табыс ету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 80 Бұйрығы

 

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 150 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 190-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік кредиттердің пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі есепті жасау мен табыс ету ережесі бекітілсін.

2. Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті (Б.Ж. Қалыбеков) мен Заң басқармасы (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - министр

 

 

А. Мусин

 

Қазақстан Республикасы 

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрлігінің

2007 жылғы 2 мамырдағы

№ 80 бұйрығымен   

БЕКІТІЛГЕН

Бюджеттік кредиттерді пайдалану тиімділігін бағалау

жөніндегі есепті жасау мен табыс ету ережесi

 

1. Жалпы ереже

 

1. Осы бюджеттік кредиттерді пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі есепті жасау мен табыс ету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 190-бабының 5-тармағына сәйкес бюджеттік кредиттеудің өлшемдері мен принциптерін сақтай отырып бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді шығындауға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында әзірленді және бюджеттік кредиттерді пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі есепті қалыптастыру үшін мәліметті жасау мен табыс ету тәртібін айқындайды.

2. Тиімділікті бағалау жөніндегі есепті жасау мен ұсынудың мақсаты бюджеттік кредиттерді жоспарлау процесін жетілдіру және мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.