«Қазтелерадио» және «Қазақстан телекоммуникациялары» (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамдары директорлар кеңестері құрамдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 443 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазтелерадио» және «Қазақстан телекоммуникациялары» (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамдары директорлар кеңестері құрамдарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 443 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп:

1) «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мына кандидатуралар:

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төраға;

Әбдімомынов Азамат Құрманбайұлы - «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

Парсегов Борис Анатольевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы;

Қуатбаев Айдар Шәкірұлы - «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы;

2) «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамынан Ардақ Дүкенбайұлы Досжанды, Мұрат Арыстайұлы Жүсіповті, Амангелді Сағынбайұлы Тойбаевты шығаруды қамтамасыз ету;

3) «Қазақстан телекоммуникациялары» (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мына кандидатуралар:

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төраға;

Әбдімомынов Азамат Құрманбайұлы - «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

Ким Виссарион Валерьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры;

4) «Қазақстан телекоммуникациялары» (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамынан Ардақ Дүкенбайұлы Досжанды, Мұрат Арыстанбайұлы Жүсіповті, Бахтияр Мүсірәліұлы Үкібаевты шығаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.