«Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы № 448-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 86-НҚ Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 31 шілдедегі № 240-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы № 448-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3277 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетте» 2005 жылғы 29 қаңтарда № 5 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және бұдан әрі мәтін бойынша «табиғи монополия» деген сөздер «табиғи монополиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағының 2) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жыл сайын 15 сәуірге міндетті жылдық аудиттен өткен қаржылық есептілікке сәйкес өткен жыл үшін реттелетін қызметтердің түрлері бойынша және тұтастай реттелмейтін қызметтер бойынша есептілікті ұсынсын.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигация қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің табыстарды, шығындар мен іске қосылған активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:
оң жақтағы жоғарғы бұрыштағы және тақырыбындағы «табиғи монополия» деген сөздер «табиғи монополиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтін бойынша «табиғи монополия» деген сөздер «табиғи монополиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;