«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 462 Қаулысы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік,
сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау
 және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 462 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.