2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 326 шешімі
(2007.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, сондай-ақ 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңынасәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2007.24.01. № 350; 2007.23.04. № 376 шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 41468535 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 6930298 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 70353 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3100 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 34464784 мың теңге;
2) шығындар - 42897252 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -1428717;
4) таза бюджеттік кредит беру - 997396;
бюджеттік кредиттер - 285000;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 252000;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - -1300;
қаржы активтерін сатып алу - 4000;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 5300;
6) бюджет тапшылығы (профициті) - -715021;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 501554;
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін:
жеке табыс салығы аудандық бюджеттерінен - 10%, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50%;
әлеуметтік салық аудандық бюджеттерінен - 10%, Қызылорда қаласының бюджетінен - 78,2%.
3. Аудандық бюджеттерге берілетін субвенциялардың көлемі 6057982 мың теңге болып белгіленсін, оның ішінде: мың теңге
Арал ауданы | 1091882 |
Қазалы ауданы | 999891 |
Қармақшы ауданы | 648830 |
Жалағаш ауданы | 633566 |
Сырдария ауданы | 506277 |
Шиелі ауданы | 974070 |
Жаңақорған ауданы | 1203466 |
4. Жергілікті бюджеттің орындалуы барысында 2 қосымшаға сәйкес шығындар секвестрлеуге жатпайтыны ескерілсін.
5. Бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген 2007 жылға арналған облыстық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.