«Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2007 жыл 1 маусым) (Жоба)

Жоба

Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығы

 

Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы

 мемлекеттік сыйлығы туралы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 444 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Ғылым, техника және білім беру саласындағы жетістіктер үшін мемлекеттік сыйлықтар беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сыйлық туралы ереже бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2007 жылғы «_____»___________

№______ Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы

мемлекеттік сыйлығы туралы ереже

 

1. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) ғылым, техника және білім беру қайраткерлерінің еңбегін қоғам және мемлекет алдында жоғары тану болып табылады.

2. Мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына:

республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін;

қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтар, монографиялар, сондай-ақ бір саладағы бірқатар ғылыми жұмыстар үшін;

техниканың, материалдардың және технологиялардың жаңа түрлерін әлемдік аналогтар деңгейінде немесе одан жоғары өндіруді әзірлегені және ұйымдастырғаны үшін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.