«Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 463 Қаулысы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы
Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 463 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында жасалған Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісім бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов