Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»11 маусымдағы
№ 480 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді әрі жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке лицензия беруді халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - лицензиар) жүргізеді.
3. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз берілетін бас лицензия болып табылады.
2. Лицензияны беру шарттары мен тәртібі
4. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке лицензия алу үшін өтініш беруші лицензиарға Заңның 42-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
5. Лицензия иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
6. Лицензияны лицензиар Заңда белгіленген мерзімде береді.
7. Егер лицензиар Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламасында көрсеткен күннен бастап лицензияны беруге міндетті.
8. Лицензия беруден лицензиар мынадай жағдайларда, егер:
1) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынса;
2) заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
5) өтініш берушіге қатысты, оған Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі бар болса бас тартады.
9. Лицензия беруден бас тартқан кезде лицензиар өтініш берушіге дәлелді жауапты жазбаша түрде лицензия беру үшін белгіленген мерзімде береді.
10. Егер лицензия Заңмен белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол бұл әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
3. Лицензияны қайта ресімдеу және телнұсқасын беру
11. Лицензиясы жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
12. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде ол отыз күнтізбелік күн ішінде, көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
4. Лицензияның қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру
13. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензия алып қойылғанда;
2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
4) лицензияланатындардың тізбесінен көрсетілген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі алып тасталса тоқтатылады.
14. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау
16. Лицензиат Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай болуы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауы тиіс.
17. Лицензиаттардың лицензиялау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын бақылау лицензиарға жүктеледі.
18. Лицензиялық нормаларды және осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 маусымдағы
№ 480 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) білімі туралы құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталатын жоғары немесе орта арнаулы заңгерлік білімі бар қызметкерлердің;
2) жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттың немесе мүліктік жалдау (жалға алу) шартының нотариалды куәландырылған көшірмесімен расталатын, офис үшін меншікті немесе жалға алған үй-жайдың;
3) еңбек биржаларымен, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, өтініш берушінің ақпаратымен расталатын компьютерлер мен телекоммуникациялық жабдықтардың;
4) нотариалды куәландырылған көшірмесімен расталатын, шетелдік жұмыспен қамту агенттігімен ынтымақтастық туралы кемінде бір шарттың болуын көздейді.