«Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 01-4/1 Жолдауы

Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 01-4/1 Жолдауы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жіберіліп отыр.

Бұдан бұрынғы жолдау жарияланғаннан кейін өткен кезең ішінде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Республика Президентінің, Премьер-Министрінің, Парламент депутаттарының және соттарының өтініштері бойынша бірқатар нормативтік қаулылар қабылдады. Конституциялық Кеңес тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сот құрылысы және сот ісін жүргізу, мемлекеттік және ресми түрде қолданылатын тілдердің қызмет етуі мәселелерін қарады.

Мәселен, Конституциялық Кеңес 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 1 қаулыда, Негізгі Заңның 75-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру шеңберінде, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының мамандандырылған соты құрылуына қатысты, «арнаулы» және «мамандандырылған» соттар ұғымын айқындап, олардың белгілерінің ара-жігін ашып көрсетті. Конституциялық Кеңестің қаулысында тұжырымдалған құқықтық позициялардан келіп шығатыны, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының мамандандырылған соты, Конституцияға сәйкес құрылуына жол берілмейтін арнаулы немесе төтенше сот болып табылмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.