Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық Заңы
(ҚР 24.02.97 ж. № 69-1; 06.05.99 ж. № 379-I; 24.11.04 ж. № 604-II
Конституциялық заңдарымымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 19 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
I Тарау. Жалпы ережелер (1-8 баптар)II Тарау. Республика Үкіметінің құзыреті, актілері, (9-11 баптар) есептілігі және жауапкершілігіIII Тарау. Республика Үкіметінің мемлекеттік (12-17 баптар) органдармен қарым-қатынасыIV Тарау. Республика Үкіметінің Қызметін ұйымдастыру (18-27 баптар)ҚР 06.05.99 ж. № 379-1 Конституциялық Заңымен тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртібін белгiлейдi.
1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мәртебесi
Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Республика Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi
Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актілерінiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 3-бап жаңа редакцияда
3-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылуы, құрылымы және құрамы
1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.