«2007 жылға су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөлу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 137 қаулысы

2007 жылға су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөлу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 137 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39 - бабының 11 - тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2007 жылы аудандар мен Қызылорда қаласы және магистралды каналдар бойынша су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттері 1 және 2 - қосымшаларға сәйкес бөлінсін.

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері су пайдаланушылардың су пайдалану лимиттерін сақтауын қамтамасыз етсін.

3. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің «Қызылордасушаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (С.Тәуіпбаев) бөлінген су пайдалану лимиттеріне сәйкес суды бөліп беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Еламановқа жүктелісн.

 

Облыс әкімі

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.