«Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-Ө Бұйрығы (2010.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-ө Бұйрығы

(2010.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сай БҰЙЫРАМЫН:

1. Бұйрыққа қоса тіркелген Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелері бекітілсін.

2. Күшін жоғалтқан деп:

1) «Өндірістік мониторинг жүргізудің үлгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4101 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылдың 28 сәуірдегі № 76-77 (1056-1057) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылдың 2 ақпандағы № 45-б бұйрығы;

2) «Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылдың 13 желтоқсандағы № 215 (1195) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылдың 3 тамыздағы № 258-б бұйрығы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.