Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорын құру туралы
шарт
(Душанбе қ., 2006 жыл 25 мамыр)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 509 Қаулысымен бекітілді
Үкіметтер атынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер (бұдан әрі - Тараптар),
өзара гуманитарлық ынтымақтастықты одан әpi дамытуға ұмтыла отырып,
2005 жылғы 8 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы туралы декларацияның және 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келісімнің ережелеріне сүйене отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры (бұдан әpi - Қор) құрылсын.
2. Осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қордың Жарғысы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
1. Қор заңды тұлға болып табылады.
2. Тараптар Қордың құрылтайшылары болып табылады.
3. Қордың орналасқан жері - Мәскеу қаласы.
4. Қор тараптардың аумақтарында олардың заңнамасына сәйкес өз бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктерін құра алады.
1. Қордың мүлкі:
Тараптардың мәдениет, білім беру, ғылым, мұрағат ici, ақпарат және бұқаралық коммуникация, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласындағы бірлескен ic-шараларға (жобаларға) қаржылай және материалдық қаражат, ресурстар, жұмыстар және қызметтер түріндегі epiкті жарналары;
заңды және жеке тұлғалардың epiкті жарналары және құрбандықтары;
қайырымдылық және мәдени ic-шаралар, лотереялар өткізуден түсетін түсімдер;
Қор мемлекеттің қолданыстағы заңнамасында және аумақтарында Қордың жарғылық қызметі жүзеге асырылатын мемлекеттердің қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.