«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны
үшін төленетін жалдық ақының базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібін бекіту туралы» 2006 жылғы 22 тамыздағы
№ 730 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 136 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдегі № 1095 қаулысына, «Мемлекеттік коммуналдық мүлікті мемлекеттік заңды тұлғаларға беру (бекіту), өтеусіз пайдалану, сенімді басқару, жалға беру мәселелерін реттейтін құқықтық актілер туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 445 қаулысына (тіркеу нөмірі 2004 жылғы 21 мамырдағы № 1802) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: