Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 ақпандағы № 105 Өкімі
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын дайындау мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
| Назарбаев Нұрсұлтан Әбiшұлы | - Қазақстан Республикасының Президентi, жұмыс тобының Жетекшiсi |
| Рогов Игорь Иванович | - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы, жұмыс тобы жетекшiсiнiң орынбасары |
| Донақов Талғат Советбекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Заңнама және құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi, жұмыс тобының хатшысы |