Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 514 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Құрылыс материалдары өнеркәсібін жаңғырту және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 1305 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген жолда:
үшінші және төртінші сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бөлігін қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады, шығындардың көлемі 100 млн. теңгені, оның ішінде жылдар бойынша: 2006 жылы - 47 млн. теңгені, 2007 жылы - 53 млн. теңгені құрайды;
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру кәсіпорындардың өз қаражаты, шетелдік және отандық инвесторлардың қаражаты, кредиттер есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі бірінші кезеңде (2005 - 2007 жылдары) 50,3 млрд. теңгені; екінші кезеңде (2008 - 2010 жылдары) 206,1 млрд. теңгені құрайды.»;
«Күтілетін нәтиже» деген жолда:
оныншы, он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді пайдалануға беруге қол жеткізуге;
12000-ға дейін қосымша жұмыс орнын құруға және халықты жұмыспен қамтуды жоғарлатуға.»;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» деген 5-бөлімде:
«Саланы дамытуды ынталандыратын негізгі шараларды айқындау» деген 5.1-кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:»
«шаруашылық жүргізудің жаңа ұйымдық-құқықтық нысандарын, бәсекеге қабілетті және жоғары технологиялық процестерді енгізуді ынталандыратын, өндірістің қалдықтарын өндірістік процестерде пайдалануға жәрдемдесетін, қалдықсыз технологиялардың басымдығын қамтамасыз ететін экономикалық жағдайлар мен реттеуіштер қалыптастыру.»;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылыс материалдарын шығару үшін республикада жиналып қалған өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату проблемаларын шешуді олардың қызметіндегі басымдықтардың бірі деп белгілеп, халық тұратын экологиялық ортаны жақсартуға және аумақты орнықты дамытуға алғышарттар жасай отырып, жұмыс істеп тұрған дербес ғылыми-зерттеу институттарын және ғылыми-өндірістік орталықтарды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының тиісті бөлімшелерін тарта отырып, саланың ғылыми базасын дамыту;»;
«Қазіргі жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын алу бойынша жаңа өндірістерді құру» деген 5.3-кіші бөлімде:
үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он жетінші, оны сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Жоғары маркалы цемент өндірісінде
Батыс, Оңтүстік, Шығыс, Солтүстік өңірлерде жаңа цемент зауыттарын салу;
«Central Аsіа Сеmеnt» акционерлік қоғамының жұмыс істеп тұрған кәсіпорнында экология бойынша халықаралық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін прогрессивтік технологияларын енгізе отырып, цемент өндірісін жаңғыртуды және техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асыру.
Құрылыс шынысы өндірісінде
Ақтөбе, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында парақты, сәулеттік, жылтыратылған шыны шығаратын зауыттар салу.
Жылу оқшаулағыш материалдар өндірісінде
шыны талшық, ісінген вермикулиттер, базальттар, көбікшынылар және басқалар негізінде жылу оқшаулағыш материалдардың тиімділігі жоғары түрлерін шығаратын жаңа зауыттар салу.»;
он сегізінші абзацтағы «атмосфераға төзімді» деген сөздер «атмосфералық» деген сөзбен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзацтағы «пластика» деген сөз «пластмасса және шыны пластика» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек шығындарын азайтуды және өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін құрылыс құрастырмаларын шығару жөніндегі жоғары өнімді технологиялық желілерді енгізу.«;
«Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
бірінші абзацта «тікелей шетелдік» деген сөздер алынып тасталсын;
екінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағдарламаны ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бөлігін қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады, шығындардың көлемі 100 млн. теңгені, оның ішінде жылдар бойынша: 2006 жылы - 47 млн. теңгені, 2007 жылы - 53 млн. теңгені құрайды.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру кәсіпорындардың өз қаражаты, шетелдік және отандық инвесторлардың қаражаты, кредиттер есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаны қаржыландыру көлемі бірінші кезеңде (2005-2007 жылдары) 50,3 млрд. теңгені; екінші кезеңде (2008-2010 жылдары) 206,1 млрд. теңгені құрайды.»;
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген 7-бөлімде:
оныншы, он бірінші, он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«гипсокартон бойынша - жылына 24 млн. шаршы метр;
рудалық емес материалдар бойынша - жылына 2 млн. текше метр;
сырлар мен лактар бойынша - жылына 1 млн. тонна;»;
он үшінші абзацтағы «280» деген сандар «500» деген сандармен ауыстырылсын;
он бесінші абзацтағы «650» деген сандар «700» деген сандармен ауыстырылсын;
он алтыншы абзацтағы «248» деген сандар «309» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«мынадай өндірістік қуаттарды құру және ұлғайту:
жоғары сапалы цемент бойынша - жылына 5,7 млн. тонна;
құрылыстық парақты шыны бойынша - жылына 27 млн. шаршы метр;
кеуек бетоннан жасалған бұйымдар бойынша - жылына 1 млн. текше метр;
сұрыптық металл илегі бойынша - жылына 700 мың тонна;»;
жиырма бесінші абзацтағы «10000» деген сандар «12000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өнеркәсібін дамытудың 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.