«Мамандарды колледждерде даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру, кәсіби мектептер мен лицейлерге қабылдау жоспары туралы» Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007 жылғы 11 маусымдағы № 171 қаулысы (күші жойылды)

Мамандарды колледждерде даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру, кәсіби мектептер мен лицейлерге қабылдау жоспары туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2007 жылғы 11 маусымдағы № 171 қаулысы

 

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 26.02.2013 № 45 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес және «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы Жолдауын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 Заңы 31 бабының 2 тармағын, «Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыстың орта кәсіптік білім беру оқу орындарында білікті мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру 1750 адам санында бекітілсін.

2. Облыстың бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарында білікті жұмысшылар даярлауға 2717 адам санында мемлекеттік тапсырыс бекітілсін.

3. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ (Қ.Әлімов) қаржы қарастырсын және 261-009-000 «Орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау» бағдарламасы бойынша 2007 жылға қосымша қаражат бөлу туралы мәселені облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізсін.

4. «Ақтөбе облыстық қаржы департаменті» ММ (С.Еңсегенұлы) орта кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.М.Рақымжановқа жүктелсін.

 

Облыс Әкімі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.