(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2006.12.08 № 146 ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде
уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы
 қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 146 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 ж. 30 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөнінде уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген заңды тұлғаларға брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензияларды беру және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.