Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 ақпандағы № 99 Өкімі
ҚР Президентінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 898 Жарлығымен күші жойылды
1) «Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 өкіміне мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
аталған өкiммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы Ереженiң 4-тарауының 5-тармағындағы «Мемлекеттік-құқық бөлiмi» деген сөздер «Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмi» деген сөздермен ауыстырылсын;