Егер tсу.б<4оС, онда шығарындылардың үлес шамасы нөлге тең болып қабылданады.
Су бетінде қалқып тұрған мұнай қабатының қалыңдығы:
= 
, (10)
мұнда: р - мұнайдың тығыздығы, кг/м3;
- су бетіндегі мұнай қабатының қалыңдығы, м;
- су бетінде қалқып тұрған мұнайдың булану үдерісінің ұзақтығы
=
-
, (11)
мұнда: Jсу.б - су бетінде қалқып тұрған мұнайдың булану үдерісінің ұзақтығы, сағ.;
Jшк- су объектісінің бетіне мұнайдың төгіле бастаған уақыты (шығарылу сәті), сағ.;
Jсу.жин - су бетіндегі бос мұнайды жинау жөніндегі іс-шараларды аяқтау уақыты, сағ.
2-кестеде көрсетілмеген параметрлердің аралық мәндері кезінде көмірсутек шығарындыларының үлес шамасын анықтау үшін сабақтас мәндер арасында сызықтық интерполяция жасалады.
15. Авариялық төгілуі кезінде су объектісін ластағаны үшін ақыны есептеуге қолданылатын мұнай массасы М, мынадай формуламен анықталады:
М у =
+
+
, (12)
мұнда: Мм.с-к(м.с-а)(5), (6) немесе (7) формулаларға сәйкес анықталады.
Егер іс-шараларды жүргізу нәтижесінде қабыршақты мұнай толығымен жойылса, онда (12) формуланың үшінші қосылғышы нөлге тең болып қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
16. Су объектілерінің мұнаймен ластануынан келтірілген залалды есептеу мынадай формуламен орындалады:
= Мy x 30 АЕК 10,
мұнда:
Им - су (теңіз) бетін мұнаймен ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау (теңге);
Mm - су объектісінің бетіне төгілген мұнай массасы, т;
Aм - мынадай формуламен анықталатын мұнайдың салыстырмалы қауіптілік коэффициенті:
= 
мұнда ПДКсу.м - су объектісінің осы түріндегі рұқсат берілетін мұнайдың шекті шоғырлануы;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
10 - арттыру коэффициенті.
ҚР Үкіметінің 2010.26.01. № 24 Қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды
Ережеге
7-қосымша
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыруға
дайындау және ұшыру барысында авариялар туындаған кезде
қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды
экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
«Байқоңыр» ғарыш айлағы инфрақұрылымы объектілеріндегі (өнеркәсіптік кәсіпорындар, энергетика объектілері, қойма шаруашылығы) авариялық жағдай салдары қоршаған ортаға мынадай әсерлердің түрлері болып табылады:
атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуы;
ағынды сулармен ластаушы заттардың дүркін тасталуы;
зымыран тасығыштың авариясы салдарынан қоршаған ортаға қалдықтарды орналастыру.
1.1 Авариялық жағдайға байланысты атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуынан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
СА = Qі х 2,2 АЕК х Ка1 х К2а (1)
мұндағы:
СА — атмосфераға ластаушы заттардың дүркін шығарылуынан атмосфералық ауаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - атмосфераға і-лік ластаушы заттың авариялық шығуының көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка1 — атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті;
Ка2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті.
Атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті - Ка2, 1-кестеге сәйкес анықталады.
Атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті - Ка2, 2-кестеге сәйкес анықталады.
1.2 Авариялық жағдаймен сарқынды сулармен ластаушы заттардың дүркін төгілуіне байланысты қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Сс = Qі х 30 АЕК х Кс1 х Кс2 (2)
мұндағы:
Сс - сарқынды сулармен ластаушы заттардың дүркін төгілуі салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - сарқынды сулармен түскен і-лік ластаушы заттың авариялық төгілу көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Кс1 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың төгінділерімен авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті;
Кс2 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың авариялық төгінділерімен ластауының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті.
1.3 Зымыран тасығыштың авариясы салдарынан қалдықтарды арнайы жабдықталған жерлерден тыс орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі (Со) мына формуламен анықталады:
Сқ = Qі х Сіқалд х К2 (3)
мұнда:
Сқ - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сіқалд - Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге;
Кқ2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті.
Қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициентінің мәні (Кқ2) 3-кестеге сәйкес сақтау орнының елді мекендерге, қорғау аумақтарына қатысты қалдықтарды сақтау орнының орналасуына, жапсарлас және басқа учаскелерді шаруашылыққа пайдалану түріне байланысты белгіленеді.
Зымыран тасығышты ұшыру мен оны ұшырудың бірінші фазасы
(2 км-ге дейін) кезеңіндегі авариялық жағдай кезінде
қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Зымыран тасығышты ұшыру мен ұшудың бірінші фазасы (2 км-ге дейін) кезеңіндегі авариялық жағдай салдары қоршаған ортаға әсер етудің мынадай түрлері болып табылады:
көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы;
зымыран тасығыш пен ұшыру кешені жабдықтарының бүлінуі салдарынан пайда болған улы қалдықтар - металл сынықтарын авариялық орналастыру.
2.1. Көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің авариялық жағдайға байланысты дүркін шығарылуы салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
САЖ = Qі х 2.2 АЕК х Ка1 х Ка2 (4)
мұндағы:
САЖ - көп көлемді ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы салдарынан атмосфералық ауаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - атмосфераға і-лік ластаушы заттың авариялық шығуының көлемі, шартты тонна;
АЕК — тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка1 - атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
2.2. Қалдықтарды зымыран тасығышты ұшыру кезеңі мен ұшудың 1 фазасында болған авария кезінде орын алған арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды (Сқо) экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен анықталады:
Сқо= Qіх Сіқалд х Ка2 (5)
мұндағы:
Qі - зымыран тасығышты ұшыру кезеңіндегі авария кезінде арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сқалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарының і-лік түрінің 1 тоннасын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кқ2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
Зымыран тасығышты ұшыру кезеңіндегі авария салдарынан қоршаған ортаға орналастырылған і түріндегі қалдықтардың көлемі - Qі аспаптық немесе есептік жолмен, зымыран тасығыштың құрайтын металл мен бұзылған сөре жабдықтарының массасын ескере отырып анықталады.
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте ұшу кезеңіндегі
авариялық жағдай кезінде қоршаған ортаның ластануынан
келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте (жоғары тропосфера, стратосфера және ионосфера) ұшу кезеңіндегі авариялық жағдайының салдары қоршаған ортаға әсерлердің мынадай түрлері болып табылады:
ластаушы заттар - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуы;
жоғары уытты қалдықтарды - зымыран тасығыштың бүлінуі салдарынан пайда болатын металл сынықтарын орналастыру.
3.1. Ластаушы заттардың - зымыран отыны құрауыштарының атмосферада жану өнімдерінің атмосфераға дүркін шығарылуымен қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
Сап = Qі х 2,2 АЕК х Ка1 х Ка2 (6)
мұндағы:
Сап - зымыран тасығыштың жер теңірегіндегі кеңістікте авариясы кезінде атмосфераға ластаушы заттардың - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің дүркін шығарылуымен келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте авариясы кезінде і-лік ластаушы зат шығарындыларының - зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің көлемі, шартты тонна;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка1 - атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
Qі - і-лік ластаушы заттың көлемі мына формуламен анықталады:
Qі = QФох аі (6.1)
мұндағы:
Qіс жүзо — авария болған сәтте зымыран тасығыштың отын сақтау сыйымдылығында қалған зымыран отыны құрауыштарының физикалық көлемі (тонна);
аі - зымыран отыны құрауышының 1 тоннасы жанған кезде түзілетін і-лік ластаушы заттың меншікті мөлшері, тонна;
Qіс жүзо= Q іс жүз н - Qіс жүзр (6.1.1)
мұндағы:
Q іс жүз н - авариялық зымыран санатына жататын зымыран тасығыштың зымыран отыны құрауыштарымен толық жабдықталуының физикалық нормативті көлемі, тонна;
Q іс жүз ш - болған сәтке дейін зымыран тасығыш жұмсаған зымыран отыны құрауышының физикалық көлемі (тонна), мына формуламен анықталады:
Qііс жүз ш = q іс жүз p x Тұ (6.1.2)
мұндағы:
q іс жүз ш - осы санаттағы зымыранды ұшыруды қамтамасыз ету үшін зымыран отыны құрауышының меншікті нормативті шығысы, тонна/сек;
Тұ - сөреден авария болған сәтке дейінгі авариялық зымыранның ұшу ұзақтығы, сек;
3.2. Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістіктегі авариясы салдарынан пайда болған қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен есептеледі:
Сжк = Qі х Сіқалд х Ко2 (7)
мұндағы:
Сжк _ зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістіктегі авариясы салдарынан пайда болған қалдықтарды орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залалдың сомасы, теңге;
Qі - авария салдарынан пайда болған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сіқалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кқ2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте авариясы салдарынан пайда болған және қоршаған ортаға орналастырылған қалдықтардың көлемі (Qі) есептік әдіспен анықталады және ол зымыран тасығыштың металл құрауышының массасына тең қабылданады. Егер авариялық жағдай бөліну бөлшектері ажырағаннан кейін болса, онда қалдықтардың көлемін есептеген кезде олардың массасының сандық мәні зымыран тасығыштың металл құрауышының жалпы нормативтік массасынан шегеріп тасталады:
Qі = Qнпі - Qоі (7.1)
мұндағы:
Qнпі - авария болған зымыран тасығыш тобына жататын зымыран тасығыштың металл құрауышының нормативтік массасы, тонна;