«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 355 бұйрығы (күші жойылды)

            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 355 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 226 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2841 болып тіркелген; Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 29-32, 965-бап) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбында және 1-тармақта «сертификатын» деген сөз «паспортын» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптарда:

тақырыбында «сертификатын» деген сөз «паспортын» деген сөзбен ауыстырылсын;

кіріспеде «, «Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттағанда және ішкі рынокта сатқанда керекті құжаттарды ресімдеу тәртібін жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21 қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын;

барлық мәтін бойынша «сертификат», «сертификатта», «сертификаты», «сертификатын», «сертификатында», «сертификатының» деген сөздер тиісінше «паспорт», «паспортта», «паспорты», «паспортын», «паспортында», «паспортының» деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.