Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 355 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 226 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 2841 болып тіркелген; Қазақстан Республикасының орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 29-32, 965-бап) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта «сертификатын» деген сөз «паспортын» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық сапасының сараптамасы тәртібіне және астық сапасының сертификатын беруге қойылатын талаптарда:
тақырыбында «сертификатын» деген сөз «паспортын» деген сөзбен ауыстырылсын;
кіріспеде «, «Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттағанда және ішкі рынокта сатқанда керекті құжаттарды ресімдеу тәртібін жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21 қаулысына» деген сөздер алынып тасталсын;
барлық мәтін бойынша «сертификат», «сертификатта», «сертификаты», «сертификатын», «сертификатында», «сертификатының» деген сөздер тиісінше «паспорт», «паспортта», «паспорты», «паспортын», «паспортында», «паспортының» деген сөздермен ауыстырылсын;