Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы
(2025.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2025.28.10. № 1068 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жалпы әскери жарғылар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысы;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы.