Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 6-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) «Қызметте үздік шыққаны үшін» медалі;
2) «Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері» медалі;
3) І, II, III дәрежелі «Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдары;
4) «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары болып белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі медальдарының сипаттамасы және олармен марапаттау ережесі бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 2-сі.
№ 358
Президентінің
2007 жылғы 2 шілдедегі
№ 358 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН