«Алматы қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалын қалпына
келтіру үшін кредит тарту туралы» Алматы қалалық Мәслихатының
ІІ сайланған VІІ сессиясының 2000 жылғы 6 желтоқсандағы шешімі
Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 5 маусымдағы № 362 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 40 бабына және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының Әкіміне Алматы қаласының әуежайындағы жолаушылар терминалын қалпына келтіру үшін кредит тарту туралы екі жыл мерзімге 15,0 (он бес) млн.АҚШ доллары сомасында кредит тартуға рұқсат етілсін.