«Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдарын құру және олардың қызмет ету ерекшеліктері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігі 2007 жылғы 28 мамырдағы № 157 қаулысы (күші жойылды)

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара
сақтандыру қоғамдарын құру және олардың қызмет ету ерекшеліктері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігі
2007 жылғы 28 мамырдағы № 157 қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 22 қаулысымен күші жойылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар туралы Заң) 100-1-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі - қоғам) тұтынушы кооперативтің ұйымдастыру - құқықтық нысанында құрылатын және өзінің қызметін «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Өзара сақтандыру туралы Заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық кесімдері мен құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Бір қоғамның құрылтайшылары (мүшелері) болып бағалы қағаздар рыногында тек қана бірыңғай кәсіби қызметін жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары табылады.

3. Қоғамның қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 6-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында белгіленген ерікті сақтандыру сыныбы шеңберінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті лицензиялануға жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.