Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгі
туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 18 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық шарттарды iске асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) қазақстандық бөлiгi туралы ереже бекітілсiн.
2. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі Үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 3, 38-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының