Депутаттарға үміткерлердің үгіттеу материалдарын орналастыру үшін жайларды белгілеу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 маусымдағы № 1605 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 28-бабының 6-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне, облыстық және қалалық мәслихатына депутаттарға үміткерлер үшін үгіттеу басылым материалдарын орналастыру үшін №1 қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
2. Тарихи және сәулетті құндылығы бар ғимараттар мен имараттардың, ескерткіштер мен ескерткіш бағандарда және дауыс беру жайларда үгіттеу материалдарын ілуге тыйым салынсын.
3. Осы қаулы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі |
|
Әкімдік мүшелері:
Келісілді:
Қостанай қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы