«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 және 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 618 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 және
2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 618 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері» деген 2-бөлімдегі «Болжам 2007 ж.» деген бағандағы «0,80» деген сандар «0,98» деген сандармен ауыстырылсын;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2007 жылға арналған квота белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 520-құжат):

1-тармақтағы «0,80», «0,30», «0,37» деген сандар тиісінше «0,98», «0,35», «0,50» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.