Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 Қаулысы
(2010.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.18.09. № 816 (бұр.ред.қара); 2009.16.03. № 331 (бұр.ред.қара); 2009.07.10. № 1541 (бұр.ред.қара); 2009.04.12. № 2014 (бұр.ред.қара) 2009.30.12. № 2315 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.02. № 102 (бұр.ред.қара); 2010.26.02. № 140 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізілім өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 561 қаулысымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін
мемлекеттік қызметтердің тізілімі
* Осы қызмет бойынша өтініштер қабылдауды және ресімделген құжаттар беруді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдерімен анықталады
** Орталық мемлекеттік мұрағаттардың тізбесі "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен бекітілген