Ақмола облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі № ЗС-28/7 шешімі
Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 17 маусымдағы № 4С-15-6 шешімімен күші жойылды
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № а-7/242 қаулысына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының қоса беріліп отырған ставкалары бекітілсін (Қосымша).