2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара), 2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау - білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.
Білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес мамандықтың коды, атауы көрсетіледі;
әскери, арнаулы оқу орындары үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес мамандықтың коды, тобы көрсетіледі;
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау кадрлар даярлаудың бағыттары және оқыту нысандары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада кадрларды даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша сыныптауышқа сәйкес кадрларды даярлау бағытының коды, қолданылу мерзімі (осы баптың 3-1-тармағы қолданысқа енгізілген кезге дейін берілген лицензия қосымшасын қоспағанда) және атауы көрсетіледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, тоқтату, сондай-ақ осы баптың 3-1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген жағдайларда білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультативтік-кеңесші орган құрады.
2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бес жыл қолданылу мерзімімен беріледі.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап есептеледі.
Лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін олардың қолданылу мерзімі өткенге дейінгі төрт айдан ерте емес, бірақ отыз жұмыс күнінен кешіктірмей мыналармен қоса өтініш береді:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар;
2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттар.
Лицензиар өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдеу туралы өтінішті қарайды;
2) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайта ресімдейді не оларды қайта ресімдеуден бас тартады.
Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны мынадай негіздер бойынша қайта ресімдеуден бас тартады:
1) осы тармақтың төртінші бөлігі талабының сақталмауы не құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;
2) өтініш берушінің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Білім беру қызметін халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдар арқылы жүзеге асыратын лицензиатты қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы лицензиаттың тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайына сәйкес) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шектеледі.
Лицензияға қосымша білім беру ұйымының әрбір объектісіне рұқсаттық бақылау жүргізіле отырып, қызмет жүзеге асырылатын нақты мекенжай көрсетіліп, лицензия берілген немесе берілетін қызметтің кіші түріне (кіші түрлеріне) беріледі.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1. Коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары лицензиялауға жататын білім беру қызметін осы коммерциялық емес ұйымға берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша негізінде жүзеге асыруға құқылы.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Лицензиардың білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқығы бар.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат:
1) оқу процесін жалғастырады;
2) білім туралы құжатты бере отырып, оқытудың оқу жылын аяқтайды;
3) білім беру қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтарды жояды.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның (және) немесе лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) білім беру қызметімен айналысуға лицензиясымен және (немесе) лицензияға қосымшасымен әрекеттер жасауға (білім беру қызметімен айналысуға лицензиясын тоқтату, қайта ресімдеу, тоқтатыла тұрғанына жаңа қосымшалар алу);
3) оқуға, оның ішінде басқа білім беру ұйымдарынан ауыстыру және қалпына келтіру арқылы қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.
Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:
1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.
Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;
2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 57-1-баппен толықтырылды
57-1-бап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін 68-баптың 2-1-тармағының редакциясында қолданылады
57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) бұзушылықтар жойылғанға жəне білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары тексеру жəне (немесе) мемлекеттік аттестаттау нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі білім беру ұйымын мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту жəне балаларға қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастайды.
58-бап. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк бақылау мемлекеттiң бiлiм алуға құқықты қамтамасыз етуіне және жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлердің өздерi жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiнiң жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін сақтауға бағытталған және оны білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы, жергілікті атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдары өздерінің құрылымдық, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, лауазымды адамдарының мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына жүзеге асыратын ішкі бақылау Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексіне сəйкес жүргізіледі.
2. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ дара кəсіпкерлердің білім беру қызметі;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) білім алушылардың тиісті жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) тəрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу нəтижелерін бағалау;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметі болып табылады.
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
4. 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-1. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-2. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-3. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-4. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-5 - 8-13. 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
12 - 16. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 59-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
59-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған жəне оны білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
1) мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту, бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жəне балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату;
2) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді жəне негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жəне техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жəне олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдарын ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау қажеттілігіне өңірдің сұранысын айқындау;
5) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге жəне техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
6) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту жəне орналастыру;
7) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту;
8) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
9) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған нормаларға сəйкес техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
10) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған нормаларға сəйкес бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету жəне жəрдемдесу;
11) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерді жыл сайын уақтылы сатып алу жəне жеткізу;
12) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерді уақтылы сатып алуды жəне жеткізуді жыл сайын ұйымдастыру;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дарынды балаларды, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде жалпы білім беретін пəндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кəсіби шеберлік конкурстарын, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар өткізу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдас тыру, өткізу тəртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тəртібін сақтау;
16) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сəйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу жəне педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тəртібін сақтау;
17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тəртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін сақтау;
18) Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасын сақтау;
19) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тəртібін сақтау;
20) интернаттық ұйымдарға жатпайтын мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тəрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
21) 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен оңалтуды жəне əлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
23) - 25) 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жəне арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мəдениет жəне өнер, дене шынықтыру жəне спорт мамандықтары бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
27) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандар даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
28) білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен білім беру мониторингінің болуы жəне жүргізілуі;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жəрдем көрсету.
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар: