«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 369 Жарлығы (2016.29.08. берілген өзгерістермен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ
 
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

(2016.29.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Мемлекеттік наградалар жөнінде комиссия құру, оның құрамын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2935 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 14, 108-құжат; 1997 ж., № 2, 19-құжат; 2003 ж., № 41, 426-құжат):

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия туралы ереженің 2-тармағындағы «5-6» деген цифрлар «6-8» деген цифрлармен ауыстырылсын;

2) ҚР Президентінің 2016.29.08. № 312 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3) «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереженің 20 тармағында «Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздер «Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсін:

 

Саудабаев

Қанат Бекмырзаұлы

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға,

 

Орынбаев

Ербол Тұрмаханұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер- Министрі Кеңсесінің Басшысы,

төрағаның орынбасары,

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.