Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы
Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 28 маусымдағы № 145 қаулысы
Жоғары өрт қаупі бар 4-5 классты кезеңнің басталуына байланысты, 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15 бабындағы 11) тармақшасына сәйкес және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабындағы 1 тармағының 9) тармақшасы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары өрт қаупі бар кезеңде (үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегіне дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағанда болуына тыйым салынсын.