2007-2008 оқу жылына арналған орта кәсіптік білім бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 152 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы, 27 бабы, 2 тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 Заңы, 31 бабы 2 тармағының 7) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 1010 бірлігінде 2007-2008 оқу жылына арналған орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін (ілгеріде -мемлекеттік тапсырыс).
2. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері 261-009-000»Орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау» және 253-002-000»Орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау» бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырысты дер кезінде қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К. Мырзалинге жүктелсін.
4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялағаннан кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
|