(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.31.12. № 1453 ҚАУЛЫСЫ

2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер
бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны
iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 28 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен бекiтілген 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның (бұдан әрi - Конвенция) 5-бабының 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Конвенцияның ережелерiн орындауға уәкілеттi орталық және өзге де мемлекеттік органдардың мынадай тiзбесi белгіленсiн:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - азаматтық хал актілерiн, жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды тiркеу туралы құжаттар, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі - прокурордың санкциясы талап етiлмейтiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға байланысты құжаттар, көшi-қон және iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша;

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерi бойынша;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі - оның құзыретiне кiретiн мәселелер жөніндегі әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттар бойынша;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.