«Қосалқы бухгалтерлік есепті және Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің автоматтандырылған ақпарат жүйесіне ендірілген Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 80 Қаулысы (күші жойылды)

Қосалқы бухгалтерлік есепті және Қазақстан Республикасының қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің автоматтандырылған ақпарат жүйесіне ендірілген  Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 80 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері үшін бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, арнайы қаржы компаниялары және ипотекалық ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) мынадай талаптарды орындасын:

1) мынадай талаптар сақталған кезде жүргізілетін барлық операциялар бойынша қосалқы бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз етсін:

жүргізілетін барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетудің тәртібін реттейтін бекітілген ішкі құжаттардың болуы;

клиенттермен жұмысты жүзеге асыру үшін, жүргізілген операцияларды алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы бухгалтерлік есепте тіркеу үшін жауапты ұйымдардың тиісті бөлімшелерінің жұмыс тәртібін реттейтін бекітілген ішкі құжаттардың болуы;

жүргізілетін барлық операциялар бойынша, оның ішінде есеп айырысу кассалық операциялары, кірістер мен шығыстар, кадрлар және жалақы, негізгі құрал-жабдықтар, тауар-материалдық құндылықтар (қорлар), бағалы қағаздар, салымдар, дебиторлық және кредиторлық берешектер, бюджет және бюджеттік бақылау бойынша, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлері, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет және Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің басқа қызметі бойынша қосалқы модульдердің болуы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.