Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 179 Қаулысы (2026.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 179 Қаулысы

(2026.31.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.12.10. № 140 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 31 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Тікелей реттеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):

1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Агенттіктің Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

 

 

Төраға

А. Дунаев

 

Қазақстан Республикасының Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.